Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың тұстастығы бәріне бірдей ұнамайтынын айтты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Президент саяси реформалардың қалай іске асатынын түсіндіріп, мемлекеттілікті сақтау мәселесіне тоқталды

НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек — Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы кеңесінде Қазақстандағы аса маңызды мәселені атап, қоғам белсенділеріне ескерту жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысы басталмас бұрын аса маңызды әрі негізгі мәселені атап өткім келеді. Күш-жігеріміз елді дамытуға жұмсауымыз қажет. Мен өзім қашанда шектен шығуға қарсы болдым. Себебі ондай әрекеттер біреуді танымал етсе де, нәтиже бермейді. Ал бізге нәтижелі жұмыс қажет», —деді Тоқаев.

Осы орайда президент саяси реформаларды қалай іске асыратынын атап өтті. Оның айтуынша, ондай шаралар біртіндеп атқарылады.

Тағы оқыңыз: Тоқаев биліктің тізгінін кімдерге тапсыратынын айтты

«Бұл—тарихи дамудың логикасы. Әрине, артта қалуға да болмайды. Бұл дегеніміз, реформалар реформа үшін емес, қажеттілік үшін жасалады. Ал ондай қажеттілік бар. Оны бәрі түсінеді. Бірақ қандай реформаларды атқаратынымызды дәл осы жерде ақылдасып шешуіміз керек»,—деп атап өтті Тоқаев.

Мемлекет басшысы мемлекеттілікті сақтау мәселесіне де тоқталды. Себебі қазақ халқының тұтастығы мен унитарлы жүйесі бәріне бірдей ұнап отырған жоқ.

«Ұрандар қай кезде болмасын тартымды болып көрінеді. Алайда ондай ұрандардың авторлары елдің алдында жауапкершілік алмайды. Реформаны реформа үшін жасасақ, дағдарысқа тап боламыз. Тіпті мемлекетті басқаруды да жоғалтуымыз мүмкін. Ондайды ешкім қаламайды деп білемін. Қазақтың мемлекеттілігі, тұтастығы, ресми шекарасы мен унитарлы жүйесі бәріне бірдей ұнап жатқан жоқ», — деді Тоқаев.

Тағы оқыңыз: Тоқаев халықтың Қытайға қарсы наразылығы туралы не ойлайды?

Айта кетсек, бүгін Нұр-Сұлтанда Ұлттық кеңестің алғашқы отырысы өтіп жатыр. Тамыз айының соңында консультативті-кеңесші органның ұйымдастырушылық кездесуі өткен болатын.

Ұлттық кеңестің отырыстары қажеттігіне қарай өткізіледі, бірақ жылына үш реттен жиі өткізілмейді. Кеңес шешімдері оның отырысына қатысып отырған мүшелерінің дауыс беруі арқылы жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.

Отырысқа қатысушылардың дауыстары тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.



sputniknews.kz