Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әмірімен кездесті

0
46

Қазақстан мен Қатар басшылары екі ел арасындағы сауда-экономикалық серіктестіктің дамитынына сенім білдірді

АЛМАТЫ, 15 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әмірі Тамим бен Хамад Әл Танимен кездесті. Кездесу Душанбедегі Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің V саммиті кезінде өтті.

Тоқаев  Қазақстанның Қатармен ынтымақтастығын жоғары бағалайтынын және екіжақты байланыстарды нығайтуға ниетті екенін атап өтті.

Ал Қатар әмірі серіктестікті нығайту үшін бірлескен техникалық комиссия құрудың маңыздылығына тоқталды.

«Біз Қазақстанға инвестиция салуға ниеттіміз. Бұған Қазақстан да мүдделі. Біздің ынтымақтастығымызды арттыру бағытында бірлескен техникалық комиссия құрылса, елдеріміздің өзара қарым-қатынасына оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын», – деп атап өтті Тамим бен Хамад Әл Тани.

Кездесу соңында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әміріне футболдан әлем чемпионатын абыроймен өткізуге тілектестік білдірді.


©
Официальный сайт Президента РК /

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Қатар әмірі Тамим бен Хамад Әл Тани

Қазақстан мен Қатар арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылдың 1 шілдесінде орнаған болатын.



sputniknews.kz