Қасым-Жомарт Тоқаев Путинге қарыздармыз ба деген сұраққа жауап берді

0
651

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) күштерін көмекке жіберуге Кремль тарапынан ешқандай алғышарттың болмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы одақтас Ресей президенті алдында қарыздар болмағанымызды айтты.

“Бізді қарызы бар деген қауесеттерге келетін болсам, бұл жөнінде Владимир Владимирович Путинмен ешқандай сөз қозғалған емес. Кейін барлығын ақтайтынымыз туралы әңгіме болмады”,-деді президент Ресейдің Қазақстан үшін одақтас мемлекет екенін ескертіп.

Қазақстан басшысы сондай-ақ ҰҚШҰ контингентінің Қазақстандағы миссиясын орындау кезінде бірде-бір оқ атпағанын атап өтті.