Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің кездесуі – онлайн-транслация

Кремльде Қазақстан және Ресей президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің кездесуі өтіп жатыр
Кездесу барысында қос мемлекет басшысы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екі жақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ өзекті өңірлік және халықаралық тақырыптарды талқылайды.
Жұмыс сапары аясында бірқатар екі жақты құжатқа қол қою жоспарланған. Путин мен Тоқаев БАҚ-қа бірлескен мәлімдеме жасайды.
Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев президент ретінде Ресейге алғаш рет жұмыс сапарымен барды.
sputniknews.kz