Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қанат Ислам кездесті

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Мемлекет басшысы қазақ боксшысымен балалар спортын дамытуды талқылаған

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой боксшы Қанат Исламды қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында президент пен Қанат Ислам Қазақстанда кәсіпқой боксты және балалар мен жасөспірімдер спортын, оның ішінде ауылдық жерлерде бокс үйірмелерін ашу мәселелерін талқылады.


©
Официальный сайт Президента РК /

Қанат Ислам мен Қасым-Жомарт Тоқаев

Орта салмақтағы WBO Inter-Continental белбеуінің иегері Қанат Ислам Қасым-Жомарт Тоқаевқа спортшыларға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, президентке ақ былғары қолғап сыйға тартты.

Мемлекет басшысы боксшының алдағы өтетін жекпе-жектерде жеңіске жетуіне тілектестігін білдірді. 



sputniknews.kz