Қасым-Жомарт Тоқаев партия мен мәслихатқа да өзгерістер енгізді

0

Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент республикалық бюджеттің сапалы орындалуына бақылауды күшейтуі қажет екенін атап өтті, — деп хабарлайды Kznews.kz сайты BORT N1 телеграмм-арнасына сілтеме жасап. Осы орайда, Президент Есеп комитетінің орнына Жоғары аудиторлық палата құруды ұсынды.

Мемлекетте азаматтардың өкілді билікке деген сенімін нығайту үшін мәслихаттарға ерекше назар аударылатын болады. Олардың рөлі мен абыройын арттырып, дербестігін қамтамасыз ету мақсатында Мәслихат төрағасы лауазымы енгізіледі. Сонымен қатар  облыс әкімдерін тағайындау тәртібі өзгертіледі.

Ал партияларға келетін болсақ, оларды тіркеу рәсімі жеңілдетіледі.  Бұл жөнінде Президент:

«Тіркеу шегін төрт есеге – 20-дан 5 мың адамға дейін төмендету керек. Аймақтық бөлімшелердің ең аз саны үш есе – 600-ден 200 адамға дейін қысқарады. Үштен біріне дерлік, яғни 1000-нан 700 адамға дейін, партия құру бойынша азаматтардың бастамашыл тобының ең аз саны қысқарады», — деді.

Жолдау соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Маған елімнің амандығы мен жерімнің тұтастығынан асқан ешбір құндылық жоқ. Мені ең алдымен, халқымның болашағы қалай болатыны толғандырады» , — деп қазақ халқының бейбітшілігі мен тыныштығы үшін қолдан келгеннің барлығын жасайтынын айтып, өз сөзін қорытындылады.

(Фото http://Ardak.kz  сайтынан алынды)