Қасым-Жомарт Тоқаев: «Өскелең ұрпақтың амандығына аға буын жауапты» — Қазақстан жаңалықтары

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды балаларды қорғау күнімен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Барша қазақстандықтарды Балаларды қорғаудың халықаралық күнімен құттықтаймын. Бұл – өскелең ұрпақтың амандығына, денсаулығы мен қауіпсіздігіне аға буын жауапты екенін еске салатын мереке. Еліміздегі әр бала мейірімге бөленіп, балалық шағын бақытты әрі қызықты өткізуге қақылы», — деп жазды Twitter-дегі парақшасында мемлекет басшысы.

Халықаралық балаларды қорғау күні жыл сайын 1949 жылы қарашада белгіленген 1 маусымда аталып өтеді. 

Балаларды қорғау күні ересектердің назарын балалардың пікір бостандығына, білім алуға, зорлық-зомбылықтан және өмір сүру құқығынан қорғауға аудару мақсатында өткізіледі. Ата-аналар мемлекет сияқты балалардың құқықтары мен бостандықтарын мойындауы және сақтауы тиіс. Бұл туралы БҰҰ 1959 жылы қабылдаған Бала құқықтары декларациясында көрсетілген.

stan.kz