Қасым-Жомарт Тоқаев Өмірзақ Шөкеевті қабылдады

Қысқа сілтеме алу
Президент Түркістан облысының басшысына бірқатар тапсырма берді
НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесу барысында өңір басшысы Тоқаевқа өңірдің биылғы жеті ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ Арыстағы қалпына келтіру жұмыстарының барысы мен Түркістандағы құрылыстар жөнінде баяндады.
Тағы оқыңыз: «Төтенше жағдай кезінде қыдырып жүр»: Арысқа көшкен Шөкеев кімге шүйлікті?
Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы Өмірзақ Шөкеевке бірқатар нақты тапсырма берді.
Арыстағы төтенше жағдай
Биыл 24 маусымда Арыстағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жойқын жарылыс болды. Қала тұрғындары дереу көрші аудандар мен Шымкентке көшірілді. Жарылыстар тоқтаған соң 28 маусымда үйлеріне қайта бастады.
Төтенше жағдай салдарынан төрт адам қаза болды.
Тағы оқыңыз: Өмірзақ Шөкеев Арыс халқына қандай уәде берді?
Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Арыстағы жарылысқа жол бергені үшін лауазымды тұлғаларға қатаң сөгіс жарияланды. Ал бұрынғы қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов Қазақстан Республикасының Қарулы күштері жүйесінен шығарылды.
sputniknews.kz