Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
Алтай Көлгінов президентке астанадағы әлеуметтік және экономикалық ахуал туралы баяндады
НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Нұр-Сұлтан әкімі мемлекет басшысына елорданың негізгі әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштері мен бұрын берілген тапсырмалардың орындалуы туралы айтты.
Тағы оқыңыз: Көлгіновтің әкім қызметіндегі алғашқы демалысы қалай өтті?
«Қасым-Жомарт Тоқаев астананы абаттандыру жұмыстарына тың серпін беруді тапсырды. Сонымен қатар, LRT құрылысындағы жағдайды мұқият зерттеу қажеттігін айтты», — делінген Ақорданың баспасөз хабарламасында.
©
Photo : Ақорда баспасөз қызметі
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
Кездесу барысында Қазақстан президенті Нұр-Сұлтанның инфрақұрылымын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанның жаңа әкімі Алтай Көлгінов туралы қызықты деректер
sputniknews.kz