Қасым-Жомарт Тоқаев неге ауыс-түйіс жасағанын түсіндірді
Қысқа сілтеме алу
Сәрсенбі күні тәжірибелі саясаткерлер Қырымбек Көшербаев, Бейбіт Атамқұлов, Роман Скляр, Ерлан Қошанов және Мұхтар Тілеуберді жаңа лауазымдарға ие болды
НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сәрсенбі күні жасалған бірқатар саяси ауыс-түйіске түсініктеме берді.
Еске сала кетсек, мемлекет басшысының жарлығымен мемлекеттік хатшы, президент әкімшілігі мен премьер-министр кеңсесінің басшылары, премьер-министрдің орынбасары, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі және сыртқы істер министрі тағайындалды.
Тағы оқыңыз: Тоқаев Марат Тәжинді қызметінен босатты
Ерлан Қошановтың президент әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалуына қатысты Тоқаев оның мемлекеттік қызметтегі мол тәжірибесін атап өтті.
Қарағанды облысының бұрынғы әкімі, тәжірибелі мемлекеттік қызметші Е.Қошанов Президент Әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалды. Қарағанды облысының басшысы лауазымына мәслихатқа Премьер-министрдің орынбасары, білікті басқарушы Ж.Қасымбек ұсынылады.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) September 18, 2019
»Қарағанды облысының басшысы лауазымына мәслихатқа премьер-министрдің орынбасары, білікті басқарушы Жеңіс Қасымбек ұсынылады», — деп жазды президент Twitter парақшасында.
Ал Бейбіт Атамқұловтың индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына ауысуын мемлекет басшысы бұрынғы СІМ басшысының сыртқы саясат ведомствосы өкілеттігінің кеңеюіне байланысты министрліктің құрылымын қайта құру бойынша пайдалы жұмыс атқаруымен түсіндірді.
Б.Атамқұлов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына ауыстырылды. Ол СІМ өкілеттігінің кеңеюіне байланысты министрліктің құрылымын қайта құру бойынша пайдалы жұмыс атқарды. Табысты еңбек жолынан өткен Р.Скляр Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) September 18, 2019
»Табысты еңбек жолынан өткен Роман Скляр премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды», — деп атап өтті Тоқаев.
Тағы оқыңыз: Тоқаев биліктің кімге мұраға қалатынын айтты
«Тәжірибелі мемлекеттік қызметші Қырымбек Көшербаев Марат Тәжиннің орнына мемлекеттік хатшы лауазымына тағайындалды. Ұзақ жылдар бойы мемлекет ісіне сіңірген еңбегі үшін Марат Тәжинге алғыс айтамын. Оның білімі мен білігі еліміздің игілігіне қызмет ете береді», — деп жазды президент.
Тәжірибелі мемлекеттік қызметші Қ.Көшербаев М.Тәжиннің орнына Мемлекеттік хатшы лауазымына тағайындалды. Ұзақ жылдар бойы мемлекет ісіне сіңірген еңбегі үшін М.Тәжинге алғыс айтамын. Оның білімі мен білігі еліміздің игілігіне қызмет ете береді.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) September 18, 2019
sputniknews.kz