Қасым-Жомарт Тоқаев: Мені Өзбекстан басшысы бірінші болып құттықтады — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанда Қазақстан жылының жариялануына байланысты УзА ұлттық агенттігінің қазақ тілінде ақпарат тарата бастағанын хабарлады. Сондай-ақ, ол мұның бауырлас елдер арасындағы достық қарым-қатынастың жаңа деңгейге көтерген Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің арқасы екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі президенттің twitter парақшасына сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаев

Сурет: uza.uz

«Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен-ақ Қазақстан мен Өзбекстан елдері қиын-қыстау сәттерде бір-бірін қолдап-қуаттап, қол беріп, табысына шын пейілмен қуанып келді. Біз екі елдің өркендеу жолында мықты да үйлесімді қарым-қатынас орнаттық. Қазіргі таңда басты мақсатымыз – сауда-экономикалық қатынастарды кеңейту, шекараалды ынтымақтастықты тереңдету», — дейді Қасым-Жомарт Тоқаев ӨзА басылымына берген сұхбатында.  

Әрі қарай Қазақстан Республикасының екінші президенті өзін алғашқылардың бірі болып құттықтаған Өзбекстан басшысына алғыс айтты. 

«Шавкат Миромонұлы мені Қазақстан президенті міндетіне кіріскеніммен құттықтаған мемлекет басшыларының арасында біріншісі болды. Оның жылы тілегіне шын жүректен ризамын. Елбасымыздың атына айтылған ізгі тілектер де Өзбекстан басшысының біздің елімізге көрсеткен құрметінің белгісі», — дейді мемлекет басшысы. 



stan.kz