Қасым-Жомарт Тоқаев Медициналық қызметкер күнімен құттықтады

0
56

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Қазақстанда маусымның үшінші жексенбісінде Медициналық қызметкер күні тойланады

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіби мереке – Медициналық қызметкер күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы құттықтауын Twitter желісіндегі жеке парақшасында жазған.

«Денсаулық сақтау саласының мамандарын Медицина қызметкері күнімен құттықтаймын! Дәрігерлердің кәсібилігі, антқа адалдығы мен жылы жүрегі адамның тәнін ғана емес, жанын да емдейді. Ақ халатты абзал жандарға мықты денсаулық, мол табыс тілеймін!» – деп жазды президент.

​Еске сала кетсек, Медициналық қызметкер күні Қазақстанда маусымның үшінші жексенбісінде аталып өтеді.

Медицина мамандарының жалақысын көтеру

Маусымның аяғында қазақстандық дәрігерлердің жалақысы өседі. Қызметкердің еңбекақысы лауазымына, біліктілік санаты мен еңбек өтіліне байланысты болмақ.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда дәрігерлердің мәртебесін көтеретін заң қабылданады

Кіші медициналық қызметкердің жалақысы орта есеппен 48 861 теңгеден 64 520 теңгеге көтерілсе, орта буын медициналық қызметкердің айлығы – 76 395 теңгеден 99 313 теңгеге.



sputniknews.kz