Қасым-Жомарт Тоқаев: Бір адамның ұзақ уақыт билікте болуы дұрыс емес

0

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент өкілеттігін 7 жылға шектеу туралы шешімге не үшін келгенін түсіндірді.

– Біз ұлт мүддесін қорғайтын және халыққа адал қызмет ететін азаматтарға жол ашуымыз керек. Нағыз мемлекетшіл, отаншыл, білікті тұлғалар жұртты жасампаз істерге жұмылдырып, Қазақстанды өркендете алады. Осы ұстаным мызғымас қағидатымыз болуға тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.