Қасым-Жомарт, Иманғали, Гүлшара: шенеуніктердің есімдері не білдіретінін білесіз бе?
Ежелден адам есіміне ерекше мән беріледі. Ол адамды сипаттап, тағдырына әсер етеді. Жоғары шенді мемлекеттік қызметкерлердің есімдері не білдіретінін Sputnik-Қазақстан анықтаған деп жазады NUR.KZ
Қасым-Жомарт Тоқаев
Байқағандарыңыздай парламент сенатының спикерінің есімі екі сөзден тұрады. Қасым мен Жомарт есімдерін бөлек жиі кездестіруге болады. Қасым сөзі араб тілінен аударғанда «әдемі, сұлу» мағынасын береді. Екінші есімі «дарқан және бекзат» мағыналарын біреді. Латын тілінде саясатшының есімі «Qasym-Jomart» болып жазылады.
Гүлшара Әбдіқалықова
Мемлекеттік хатшының есімі «гүл» және «шара» деген қос түбірден тұрады. Гүлдің қандай мағына беретіні баршаға мәлім болса, «шара» сөзі парсы «Сара» сөзінен шықса керек. Оның мағынасы «пәк, бекзат». Латынша жазылуы — Gu̇lshara.
Иманғали Тасмағамбетов
Бұрынғы премьер-министр және қазіргі Ресейдегі Қазақстан елшісінің есімі екі сөздің бірігуінен пайда болған. «Иман» араб сөзі, ол «Аллаға сену» мағынасын береді, ал «ғали» сөзінің мағынасы «асқақ, еңселі». Латын тілінде «Imanġali» деп жазылады.
Қалмұханбет Қасымов
Мақала авторларының болжамынша ішкі істер министрінің есімі «қал», яғни денедегі дақ және «мұхан» түркі тілден алынғанда «жұмысшы», сонымен қатар «бет», яғни адамның жүзі деген үш түбірдің бірігуінен пайда болған. Латын тілінде министр есімі «Qalmuhanbet» болып жазылады.
Архимед Мұхамбетов
Бұл тізімдегі ең ерекше есім Қостанай облысының әкіміне тиесілі сыңайлы. Бұл есім бізге ежелгі грек ғалымы арқылы таныс. Оның мағынасы «ой иесі» екен. Латынша «Arhimed» деп жазылады.