Қастер Мұсахан мен Мұрагер Әлімұлының тағдыры не болмақ?

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Ділмановтың айтуынша, Қастер Мұсахан мен Мұрагер Әлімұлы саяси босқын емес, мемлекеттік шекараны бұзғандар

НҰР-СҰЛТАН, 16 қазан – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов Қазақстан-Қытай шекарасын заңсыз кесіп өткен этникалық қазақтар Қастер Мұсахан мен Мұрагер Әлімұлының қазір бостандықта екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Шындығына келсек, олардың мемлекеттік шекараны қалай кесіп өткені үлкен күмән тудырады. Себебі мемлекеттік шекараны кесіп өту оңай емес. Естеріңізде болса, олар шекарадан 1 қазанда өттік деді. Ал бұл күні біздің көршілер Қытай Халық Республикасының құрылған күнін атап өтті. Тиісінше, барлық мемлекеттік құрылым күшейтілген режимде жұмыс істеді», — деді Ділманов мәжіліс кулуарында.

Айтуынша, этникалық қазақтар қазір бостандықта, қамауға алынған жоқ.

«Олар қазір Зайсанда. Олар бізге мемлекеттік шекараны нақты қай жерде кесіп өткенін көрсетуі тиіс. Өздері Тарбағатай деп отыр. Біз оларды Тарбағатайға апарамыз, олар қалай және қайдан кесіп өткенін көрсетеді», — деді шекара қызметінің директоры.

Ділманов олардың бірі 2006 жылы мал ұрлығы үшін қазақ-қытай шекарасында ұсталғанын мәлімдеді.

«Олар біздің аумақта ұсталып, кейін Қытай шекарашыларына берілді. Ал ол жақта бұл қылмысы үшін қандай жазаға тартылғанын өзі айтып берер, мүмкін айтқан да шығар», — деді ол.

Ол мемлекеттік шекараны бұзғаны емес қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын, егер кінәсі дәлелденсе, екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін атап өтті. Ал қандастарды Қытайға қайтарып-қайтармау заң аясында шешіледі.

«Олар саяси босқын емес. Босқын болса, олар ресми түрде өткізу пунктіне келіп, «мені қабылдауыңызды сұраймын» деп өтініш жасайды. Ал бұл жерде ондай болған жоқ. Сондықтан шатастырмау керек» – деді Ділманов.

15 қазанда ҰКҚ шекара қызметі мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту фактісі бойынша Қытай азаматтары Қастер Мұсақанұлы мен Мұрагер Әлімұлына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлаған еді.



sputniknews.kz