Қасқырдан құтқарып қалды

0

Жуықта Катонқарағай ауданында оқыс оқиға орын ала жаздап, абырой болғанда жер жағдайын жіті білетін жергілікті аза­маттардың араласуымен адамдар бір қатерден аман қалды.

Оқиға былай болыпты. Аудан тұрғындары Павел Лигостаев жұбайы Са­лауат Табысбаева жә­не досы Бекболат Теке­невпен бірге Ново-По­ляковка ауылынан 20 шақырым жердегі омар­таға барып, бір қонып, таңертең жаяулап жолға шығады. Алтайдың ауа райының күрт құбы­латынын білсе де, еш­теңеден сезіктенбей алаң­сыз келе жатады. Ара­да бір жарым сағаттай уа­қыт өтер-өтпесте боран соғып, үшеуі адасып кетеді. Қолдарында балта мен ұялы телефон­нан бас­қа түк жоқ. Дегенмен ұялы телефондары кәдеге жарап, ақ түтектің арасында 112 нөміріне қоңы­рау шалып, адасып кеткен жерді шамалап айтып үлгереді.

Адасқандарды іздеу­ге Ново-Поляковка ауы­лы­ның әкімі Сержан Бай­босынов, ауылдық округтің маманы Асхат Ра­химов, жүргізуші Да­мир Әубәкіров, учаскелік полиция қызметкері Рад­мир Бұтабаев, фельдшер Наталья Даркимбаева жә­не Огнево ауылының тұрғындары Айтқазы Құс­­тыбаев пен Серік Ал­ты­нов аттанады. Қыс­қа­сы, олар адасқан үшеуді түнгі сағат 1 шамасында бір-ақ табады.

«Кешкі сағат алты­ларға қарай жел саябырсыды. Қараңғы түсіп, қар жауды. Бізді  қасқыр торуылдап жүр екен. Шошыту үшін қатты ай­ғайлап, жа­қындап қал­ған кезде қолшамның жарығын түсіріп отыр­дық. Ең бас­тысы, бізді із­деп табады деген үмі­тімізді үзбедік. Әсіресе зайы­бымды қатты уайым­дадым. Ол барынша шы­дауға тырысты, бірақ біз­ді тауып алуға бір са­ғат­тай уақыт қалғанда қал­­жырап, ұйқысырап кетті. Бағымызға орай, із­­деуге жергілікті жерді жақ­сы білетін, бұған дейін де талай адамды құт­­қарып жүрген Айт­қазы Құстыбаев шы­ғып­ты. Ново-Поляковка әкімі Сержан Байбосынов, Айт­қазы Құстыбаев және Серік Алтынов үшеуі атпен жүр екен, бізді бірінші тапқан солар. Дәл сол кезде ұялы телефонымыз да сөнді. Азаматтарға айтар алғысымыз шексіз», дейді бір ажалдан аман қалған П.Лигостаев.

Естеріңізге сала ке­тейік, осы жылы көктемде болған су тасқыны кезінде Зырян ауданы әкімінің орынбасары Жанна Ас­қарқызы тұрғындарды құтқару үшін өз өмірін қатерге тіккен болатын.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы