Қаскелеңдегі төтенше жағдай салдарынан бала көз жұмды
Қысқа сілтеме алу
Қайғылы оқиға 8 қаңтар күні түскі сағат 13:15-те болған. Қалалық өртке қарсы қызметінің мамандары газ жарылған үйдің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірді
НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Қаскелең қаласындағы бес қабатты үйлердің бірінде газ жарылып, бір бала қаза болды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.
Бүгін түскі сағат 13:15-те Қаскелеңдегі Төле би көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйде газ жарылды.
«Салдарынан пәтердегі бөлмелерді бөліп тұрған қабырға опырылып құлаған, өрт болмаған. 2009 жылы туған бала оқиға орнында мерт болды. 7 адам түрлі дене жарақатын алды. Оның үшеуі бала», — делінген комитеттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қалалық өртке қарсы қызмет мамандары газ жарылған үйдің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірген
Қалалық өртке қарсы қызмет мамандары газ жарылған үйдің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірген. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
sputniknews.kz