Қаскелеңде бақсыдан келе жатқан әйелді зорлап, тонап кетті

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Құқық қорғау органдары Қаскелеңде түн ішінде жас әйелді тонап, зорлап кеткен күдіктіні ұстады. Ер адам бес-жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

ТАЛДЫҚОРҒАН, 21 қыркүйек — Sputnik. Алматы облысында полицейлер 27 жастағы әйелді тонап, зорлап кеткен ер адамды ұстады, деп хабарлайды өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Он тоғызыншы қыркүйекте Қарасай ауданының полиция басқармасының кезекші бөліміне Қаскелең қаласының тұрғыны өзін белгісіз біреудің зорлап, тонап кеткенін хабарлаған.

Жас әйелдің айтуынша, түнгі бір кезінде жергілікті бақсының үйінен қайтып келе жатқанда ер адам тап беріп, зорлап тастапты. Содан кейін өлтіремін деп қорқытып, бар ақшасын, телефоны мен сырғасын тонап кеткен. Ұрланған заттардың жалпы құны — 180 мың теңге.

Тағы оқыңыз: Ресейде қазақстандық әйелді ұрлап, зорлап кетті — БАҚ

Тәулік ішінде күдіктінің кім екені анықталып, 29 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

Полицейлердің мәліметі бойынша, біраз ақшаны ішімдікке жұмсап қойғаны болмаса, әйел адамның ұрланған заты түгел қайтарылды. Қылмыстық кодекстің 120-шы және 191-ші баптары бойынша іс қозғалған, айыпталушы 5-7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.



sputniknews.kz