Қаскелең тас жолында көлік қағып кеткен жігіт оқиға орнында қөз жұмды

0

Қаза тапқан 25-30 жастағы жігіттің құжаттары болмаған. Оның кім екені анықталуда.

Қаскелеңнің жоғарғы тас жолында, Қырғауылды ауылының тұсында жаяу жүргінші жол апатынан оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Mercedes жеңіл көлігі жүргізушісінің айтуынша, ол Алматыға қарай келе жатқанда қараңғы жолға ер адам жүгіріп шықты. Ештеңе істеп үлгермеген ол жүргіншіні қағып кетті. Жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында, дәрігерлер келмей жатып қаза тапты. Бұл уақытта жол бос болған.

Қайтыс болған шамамен 25-30 жастағы жігіттен ешқандай құжат табылмады. Оның кім екені анықталып жатыр. Оның қолында бір букет гүл болған.

Полицияның айтуынша, өткен түн ішінде осы тас жолда осымен үшінші рет адамды көлік қағып отыр. Алдыңғы екі жүргінші реанимацияда жатыр.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz