Қаскелең қаласының тұрғыны ер адамды әдейі көлікпен басып өлтіріп, қашып кетті
Қаскелең қаласының тұрғыны жанжал кезінде 50 жастағы жаяу жүргіншіні қасақана көлікпен соғып, қашып кетті, деп хабарлайды Алматы облысы ДП баспасөз қызметі.
Апат 19 мамырда кешке болды. Полиция көлік жағдайына байланысты жаяу жүргінші мен жүргізуші арасында жанжал туындағанын айтты. Дау кезінде жаяу жүргінші капотқа секіріп, әйнекті ұра бастаған. Жүргізуші жолға шығып, тежегішті қатты тежеп, адамды жерге лақтырып жіберді де, оның үстінен басып өтіп, қашып кеткен. Жәбірленуші алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.
Полицейлер шет жақта қараусыз қалған Фольксваген Гольф-3 автокөлігін тауып, содан кейін оның қожайыны, 61 жастағы Қаскелеңнің тұрғынын жақын жерден ұстады.
Жүргізушінің жеңіл дәрежеде мас болғандығы хабарланды. Ол өзінің жасаған ісін мойындады.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. «Кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.