Қашықтықтан жұмыс істейтіндердің жалақысы өзгереді ме? Еңбек министрінің жауабы — Қазақстан жаңалықтары

0

Қашықтықтан жұмыс істейтін қазақстандықтардың еңбекақысы өзгермейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Орташа жалақы 418 мың теңге: Қазақстанда әр сала мамандарының жалақысы қандай

Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді. Сөзінше, қашықтықтан жұмыс істеу мүмкіндігі бар барлық кәсіпорындар мен мекемелер осы режимге ауысуға тиіс. Министр бұл жайттың Еңбек кодексінің 138-бабымен реттелетіндігін атап өтті.  

«Қашықтықтан жұмысқа көшкенде, еңбекақы төлеу тәртібі өзгермейді. Бұл жерде азамат өзінің жұмыс орнында емес, үйден жұмыс атқару мүмкіндік алады. Еңбек кодексі бойынша, оған жұмыс беруші тиісті жағдай жасауға міндетті және жалақысы ай сайынғы алып жүрген көлемде төленетін болады», — деді Біржан Нұрымбетов.

Еске салайық, бұған дейін президент коронавирусқа қатысты қазақстандықтарға үндеу жариялаған еді. 

 

stan.kz