«Қашанғы шыдауымыз керек»: Баян Алагөзова әкімдікке жүгінді
Белгілі қазақстандық продюсер Баян Алагөзова Алматы қаласының Медеу ауданындағы жағдайға шағымданды, деп хабарлайды Kznews.kz.
Ол Алматыдағы Медеу ауданындағы көше шұңқырына назар аударды.
– Мен күн сайын осы жолмен жүремін. Назарбаев көшесіндегі бұл шұңқыр үш айдан бері бүтінделмей жатыр. Әлі тұр. Мен әр уақытта айналып өткім келеді, бірақ кейде болмай қалады. Медеу ауданының әкімдігіне жүгінемін – бұған кім жауапты? Біз бұған қашанғы шыдауымыз керек? – деп сұрады продюсер.
Еске сала кетейік, қаңтар айында продюсер 50 жылдық мерейтойын думандата атап өткен. Алагөзова үшін кештің басты сыйы – танымал әнші Валерий Меладземен бірге ән шырқауы болды. Тұрсынғали Алагөзов жұбайына осындай тосынсый жасаған.