қашан және қалай болады, өзгерістер, сұрақтары

0

Биыл ҰБТ алғаш рет жаңа жағдайда өтеді: түлектер коронавирус індетіне байланысты енгізілген карантиннің қатаң талаптарын сақтауы тиіс

Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді, оған 130 мыңнан астам адам қатысады.

ҰБТ-2020 туралы не білу керек

Түлектер қатаң санитарлық нормаларды сақтауы тиіс:

  • аудиторияларда әлеуметтік ара қашықтықты сақтау және маска кию міндетті;
  • аудиторияларда желдету және ауаны зарарсыздандыру жүйесі қамтамасыз етіледі.

ҰБТ өткізу пунктеріне кіретін жерде дезинфекциялық тоннельдер мен тепловизорлар орнатылады.

Шекті балл қанша

  • Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін – 70 балл
  • ұлттық жоғары оқу орындарына немесе медициналық мамандықтарға – 65 балл
  • агроөнеркәсіп кешені мамандықтарына – 60 балл
  • қалған жоғары оқу орындарына – 50 балл.

ҰБТ тапсыру ережесі

Түлектер үшін тыйым салынған заттар туралы талап қатаңдатылды. Егер бұған дейін абитуриенттен тыйым салынған зат табылса, ол тестілеуге қатыса беретін, ал 2020 жылдың қаңтарынан бастап оқушы емтиханға кіргізілмейді. Ал ҰБТ тапсырып жатқан кезде тыйым салынған затпен ұсталса, тестілеу нәтижесі жойылады.

ҰБТ-ға қандай сұрақтар енбейді

Осы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуде 11-сыныптағы төртінші тоқсан бағдарламасының сұрақтары кездеспейді.

Тағы оқыңыз: «Ұялудың еш қажеті жоқ»: министр грантқа қалай түсе алмағанын айтты

Оқушылар төртінші тоқсанды толығымен қашықтан оқығандықтан, оларға жеңілдік жасалып отыр.

Биыл қанша түлек тест тапсыратынын және грантқа түсу үшін неше балл жинау керектігін Sputnik Қазақстан инфографикасынан көріңіз.



sputniknews.kz