қашан және қайдан көруге болады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

6 0 0

Күннің толық тұтылуы оны Ай тасалағанда байқалады

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Бүгін түнде сирек астрономиялық құбылыс болады. Ай Күннің бетін толығымен көлегейлейді.

Күннің толық тұтылуы қашан басталады

Бүгін Мәскеу уақытымен сағат 22:24-те, ал Қазақстанда 3 шілде түнгі 01:24-те Күн толығымен тұтылады. Айта кетсек, бұл сирек кездесетін құбылыс. Өкінішке қарай, қазақстандықтар Күннің тұтылуын тамашалай алмайды, бірақ онлайн-трансляция арқылы көруге мүмкіндік бар.

Күннің тұтылуы деген не

Күн тұтылған кезде, Ай күннің бетін толық немесе жартылай көлегейлейді. Егер Ай өзінің жер айналасындағы қозғалысында Жер мен Күннің арасында келіп қалса (бұл тек жаңа Ай туған кезде болады), Күнді жауып қалады. Бұл Күннің тұтылуы деп аталады.

Тағы оқыңыз: Астролог шілде айына болжам жасады: қазақстандықтарды не күтіп тұр?

Күннің тұтылуын кімдер көре алады

Сирек астрономиялық құбылысқа тек латынамерикалықтар (аргентиналықтар мен чилиліктер) ғана куә болады. Тынық мұхиты жақта басталатын тұтылу Чили мен Аргентина тұрғындарына байқалады. Эквадор, Бразилия, Уругвай және Парагвайда, сандай-ақ, Тынық мұхитының кейбір аралында жарым-жартылай көрінеді.

Ал Еуразия, Африка, Австралия мен Солтүстік Америка халқы Күннің тұтылуын тамашалай алмайды.

Адамдардың бойын үрей билейді

Дәрігерлердің пікірінше, Күннің тұтылуы кейбір адамдардың психоэмоционалды жағдайына әсер етеді. Адамдардың бойын үрей билейді, күмәншіл болып, тынышсыздана бастайды. Мұндай кезеңде адамның өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары біршама артатыны анықталған. Күн жарығы болмаған кезде, барлық тірі жанның мазасы қашады.

2019 жылы болатын Ай мен Күннің тұтылуы

Биыл 16 шілдеден 17-не қараған түні Ай тұтылады. Бұл жолы қазақстандықтарға астрономиялық құбылыстың басым бөлігін көру бақыты бұйырады.

Сондай-ақ, осы жылы Күннің сақина тәрізді тұтылуы да болады. Яғни, Ай Күнді толық тасаламайды. Ай Күн дискісінің ортасын көлегейлеп, оның шетінен жарық сақина қалады. Мұндай ғажайыпты Сауд Арабия, Үндістан және Индонезия тұрғындары ғана тамашалай алады. Бұл құбылыс 26 желтоқсанда болады деп болжанып отыр.



sputniknews.kz