Қасақана өлтірілген дәрігердің қазасынан соң әріптестері дабыл қағуда

0

Белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумковтың өлімінен соң әріптестері жалпы қызметін атқару барысында қаза тапқан ақ халатты жандарды жұмысты екі сағатқа тоқтату арқылы еске алуға шақырды деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Салауатты Астана» амбулатория-емхана желісінің басшысы Лейла Ішбаева жедел жәрдем сынды шұғыл қызметтерді қоспағанда, ортаға осындай ұсыныс тастап, Юрий Шумковтың өзін бір минут үнсіздікпен аза тұту керек екенін келтірді.

«Бүгін, кезекті рет, белгілі дәрігерге қару кезене отырып, барлық медициналық қауымдастықты өлтірді. Бұл жолы да үнсіздік танытамыз ба? Бізді қорлайды, ұрады, енді келіп, тапа-тал түсте қаланың ортасында жария түрде жазалағандай өлтіріп тастады. Келесі кім?», – деп жеткізді жанайқайын ол.

Маман қаскөй жазадан құтылып кетпес үшін қоғамдық комиссия құруды, медицина қызметкерлерін заң жүзінде қорғауды ұсынды. Өз жазбасында бұған денсаулық сақтау министрі де қосылды. Тиісті заң жобасы жақын арада парламентке енгізілмек.

«Мұндай оқыс оқиға бүгінгі таңда заңнамадағы тетіктер арқылы медицина қызметкерлерінің құқығын қорғаудың сенімді жүйесін құрудың, олардың қызметін өз өмірі мен денсаулығына қорықпастан қауіпсіз атқаруына кепілдік беретін заңдық негіздерді қабылдаудың маңыздылығын көрсетеді», – деп пікірін білдірді Ажар Ғиният.

(фото: inform.kz)