Қаржы пирамидасының төрт ұйымдастырушысы қамауға алынды

0

Қаржы пирамидасының төрт ұйымдастырушысы, оның ішінде белгілі вайнерлер Төребаев пен Шерниязов қамауға алынды деп хабарлайды Kznews.kz сайты.

Қаржы пирамидасына қатысты тағы үш айыпталушы анықталды.

Еске салайық, олар Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабы 3-бөлігі бойынша  күдікті деп танылды.

«Қылмыстық іс Алматы қалалық полиция департаментінде бір топ азаматтың «ASTEX.KZ» ЖШС, «ACD Technology» ЖШС лауазымды тұлғаларына қаржылық пирамида құру және оны басқару фактісі бойынша ұжымдық арызы нәтижесінде тіркелді», — деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары, Полиция департаменті полиция полковнигі Рустам Әбдірахманов.

«Анықталғандай, 2019 жылдың ақпанынан 2021 жылдың қаңтарына дейін аталған ЖШС-нің лауазымды тұлғалары жеке және заңды тұлғалармен мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін қаражатты тарту бойынша бірлескен қызмет туралы келісімдер жасасқан. Екіжақты құжатқа сәйкес, фирмалар ай сайын әрбір салымшыға төлеген жарна сомасының 20 пайызын төлеуге міндетті болған. 5 млрд теңгеден астам қаражатты «ASTEX.KZ» ЖШС 162 салымшыдан басқа компания – «MUDARABAN CAPITAL» ЖШС арқылы алған», — дейді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

(фото ашық ақпарат көздерінен)