«Қаржы пирамидасымен» 42 мыңнан астам адам келісімшарт жасасқан
«Қаржы пирамидасын құрды» деп айыпталған «Гарант 24 Ломбард» компаниясымен 42 мыңнан астам салымшы келісім шарт жасасқан. Бұл ақпаратты Азатық тілшісіне бүгін тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов айтты.
Санжар Әділовтің сөзінше, арнайы тергеу тобы құрылып, Қылмыстық кодекстің «Қаржылық (инвестициялық) пирамида құру және оған басшылық ету» деп аталатын 217-бабы бойынша «Гарант 24 Ломбард» компаниясы қызметкерлерінің үстінен 9 қылмыстық іс қозғалған, басшысына іздеу жарияланған.
Тергеу департаменті бастығының сөзіне қарағанда, «2800 адам қаржы пирамидасынан ақшасын талап етіп, полицияға арыз жазған».
Соңғы аптада Қазақстанның түрлі өңірінде қаржы компанияларына салған ақшасы қайтара алмай жүргендердің биліктен көмек сұрай бастағаны байқалған. Кеше 24 ақпанда түстен кейін Ақтөбеде облысы әкімдігі алдына бір топ адам жиналып, «Gold», «Гарант 24 Ломбард», «Выгодный займ» қаржы ұйымдарынан ақшаларын қайтаруға көмектесуді сұраған еді.
«Қаржы компанияларына алдандық» деген адамдар ақпанның 21-іне Тараз, Нұр-Сұлтан қалаларында да акция өткізген.