Қаржы министрі мемлекет қаржысын игермей отырған әріптестерін атады
Астана, BAQ.KZ тілшісі. 2018 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша республикалық бюджеттің 107 млрд теңгесі игерілмеген. Бұл туралы Қаржы министрі Әлихан Сымайлов Үкімет отырысында мәлімдеді.
«11 айда республикалық бюджеттің шығыстары 8 трлн 651 млрд теңгеге (98,6%) атқарылды. 126 млрд теңге атқарылмады. Оның 19 млрд теңгесі үнемдеу болады. Ал, игерілмеу сомасы 107 млрд теңгені құрады. Ең көп игерілмеу сомалары келеші әкімшіліктерде қалыптасты: Қорғаныс министрлігі, ІІМ, БҒМ, Ауыл шаруашылығы, Мәдениет және спорт министрліктері», — деді Сымайлов.
Оның айтуынша, игерілмеудің негізгі себептері – жүргізілетін жұмыстардың көрсетілетін қызметтердің және тауарлардың әкелуінен белгіленген кетеден қалып қоюы, шарттардың ұзақ мерзімді келісілуі.
«Жыл қорытындылары бойынша республикалық бюджеттің шығыстарының игерілуі былтырғы жыл деңгейінен жоғары болуы тиіс. Ол үшін біз мемлекеттік органдармен бірлесіп тиісті жұмысты атқаруымыз керек», — деді Қаржы министрі.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі ЖІӨ-нің тұрақты екенін айтқан болатын.Сонымен қатар, экономикалық өсім бойынша артта қалған өңірлер саны артқанын және орташа жалақы 159 мың теңгені құрағанын айтса, Ұлттық банк төрағасы «7/20/25» бағдарламасы бойынша қанша өтініш мақұлданғанын жеткізген болатын. Ал Смайылов республикалық бюджетке 5 трлн теңге кіріс кіргенін айтты.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ