Қаржы министрі әлеуметтік көмекке 2 трлн теңгені қайдан таппақ

0

Президент әлеуметтік қолдауды одан әрі күшейте түсуге бағытталған бірқатар тапсырма жүктеді.

Вице-премьер, ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов әлеуметтік қолдауды күшейтуге қажетті 2 трлн теңгенің қайдан бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін мемлекет басшысы әлеуметтік қолдауды одан әрі күшейте түсуге бағытталған бірқатар тапсырма жүктеді.

– Президент тұрмысы төмен отбасылар, оның ішінде көпбалалы аналарды қолдауды күшейту, баспанамен қамтамасыз етіп, өңірлерді түрлі инфрақұрылымдық нысандар құрылысын қолға алуды тапсырды.

Мұның бәріне алдағы үш жыл ішінде 2 трлн теңге бөлінеді. Оның 1 трлн теңгесі салық және кедендік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік органдардың шығындарын азайту есебінен қарастырылады. Ұлттық қордан да алдағы үш жылда шамамен 1 трлн теңге бөлінеді, – деп түсіндірді Әлихан Смайылов.

Қаржы министрінің айтуынша, біздің бюджет, әсіресе соңғы жылдары әлеуметтік бағытқа мықтап бет бұрған.

– Соңғы екі жылда республикалық бюджетте әлеуметтік сала шығындарының үлесі 34%-дан 45%-ға дейін өсті, алдағы үш жылда бұл үлес 49%-ға дейін жетеді. Бюджеттің әлеуметтік қолдауға бағытталатыны айдан анық, – деп сендірді Әлихан Смайылов.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz