Қаржы министрі: 12 күнде 8 миллиард теңгені игеру қажет
Қаржы министрі Әлихан Смайылов орталық және жергілікті органдарға жыл соңына дейін 12 жұмыс күні ішінде 8 миллиард теңгеге жуық қаржыны игеруі қажет екенін айтты.
«Жергілікті атқарушы органдардың алдын ала мәліметіне сәйкес, жыл соңында 1,2 миллиард теңге игерілмей қалуы мүмкін. Жыл соңына дейін 12 жұмыс күні қалды. Осы уақыт ішінде орталық және жергілікті органдар әлі де болса 8 миллиард теңгеге жуық қаражатты игеріп үлгеруі қажет. Сондықтан осы қалған уақытта осы мәселеге аса үлкен назар аударып,белсенді жұмыс атқару керек» деді Әлихан Смайылов. Бұған дейін әр салада игерілмеген қаржы жайында жазған болатынбыз.
«Айқын» ақпарат
Дереккөз: Айқын