Қарызға алынған қаражат: Түркістандағы жаңа Керуен Сарайдың құны — 87 млард теңге
11 сәуірде Түркістанда Каравансарай туристік кешені ашылды. Ол қаланың басты көрікті жері — Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жанында орналасқан. Кешенде мейрамханалары бар екі заманауи қонақ үй, бар, премиум-спа, кинотеатр және фуд-корт бар. Сауда және отбасылық ойын-сауық орталықтары жылына 300 мың туристі қабылдауға қауқарлы. Ғимараттардың жалпы ауданы 74 мың шаршы метр.
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қаржыландырған «Керуен-Сарай» көпфункционалды жаңа туристік кешенін салуға 87 млрд теңге жұмсалған, бұл ретте ҚДБ қарызының көлемі 20 жыл мерзімге 40 млрд теңгені, ал қарыз алушының меншікті қатысу үлесі — 47 млрд теңгені құрады. Банктің қаржы қаражаты жабдықтарды сатып алуға, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарына бағытталған.
Мәміле Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2024 жылға дейінгі Кешенді жоспары аясында жүзеге асырылды.
«Караван-Сарай» көпфункционалды туристік кешені 115 нөмірге есептелген премиум класты екі қонақ үйді, жылына 300 мың адам жүрерлік сауда және отбасылық-ойын-сауық орталықтарын, сондай-ақ панорамалық аттракционды, spa-орталықтарды, кинотеатрды және фуд-кортты қамтиды. Тапсырыс беруші – «Turkistan Silk Way Harbor» ЖШС.
Айта кетейік, құрылысқа тапсырыс берген «Turkistan Silk Way Harbor» ЖШС 2014 жылы құрылған, 2020 жылға дейін бір-бір қызмет атқарып, салық төлемеген. Тек 2017 жылы 4500 теңге салық төлеген. Ал, 2020 жылдың өзінде 21 600 045 тг. салық төлесе, 2021 жылдық алғашқы 4 айында 31 939 439 тг. көлемінде салып төлеп үлгерген.