«Қарыздарымды төледім, өмір сүру жеңіл болып қалды»: Көп балалы ана қазақстандықтардың көмегіне алғысын білдірді — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстандықтар жалға көлік жалдап Нұр Сұлтан қаласында «таксист» болып, күн көріп жүрген жеті баланың анасына көмектесті. Әйел қарыздарын қайтарып, айыппұлдарын төлеген. Бұл туралы Facebook-те журналист Азамат Ерғали хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Кеше біз жеті нан пісіріп, барлығына дұға еттік. Сіздердің көмектеріңіздің қаншалықты пайдасын тигізгенін білсеңіздер ғой!» — деп жазады Айзат.
Әйел көліктің жалдау қызметіне және жөндеу жұмыстарына 121 000 теңге жұмсаған. Көлікті қолдану кезінде 16 айыппұл жиналып қалған екен. Айзат оның бәрін төлепті.

Бұрын отбасы азық-түлікті дүкеннен қарызға алған екен. Қарыздарын төлеу үшін және азық-түлік алу үшін 82 000 теңге кеткен.

Айзат балалардың мектеп формасын жаңарту үшін 15 000 теңге жұмсаған, ал бұрындары балаларға аяқ-киімді мешіт берген екен. 

«Халықтың көмегінің арқасында көлікті жөндеп алдым. Қарыздарым басымнан асатын, қазір олар азайды. Өтінемін, менің атымнан бүкіл халыққа, бауырларым мен әпкелеріме алғысымды жеткізіңізші…Маған өмір сүру жеңіл болып қалғандай, ал балаларым бір қуанып қалды», — деді Айзат.

Әйелдің несиесі бар, ол оны төлеуді жалғастырады. Айзат күн сайын кем дегенде біраз пайда табу үшін жолға шығады.

 

stan.kz