Қарыз алған дұрыс па? | Reactor.inform.kz


Жігітке:
— Қарыз алған жақсы ма? – депті қарт.
— Ата, қарыз қайғы әкеледі, — депті жігіт.
— Дұрыс, балам, ақылың болса – қарыз алма. Есіңде болсын, ханнан қарыз алма – өтей алмасаң басың кетеді, байдан қарыз алма – малың кетеді, досыңнан қарыз алма – берекең кетеді, әйелден қарыз алма – өміріңді келеке етеді, қарттан қарыз алма – алғаның көрге бірге кетеді, көршіңнен қарыз алма – бала-шағаң жылаумен өтеді, қасыңнан қарыз алма – өтей алмасаң үйің кетеді. Қарыз алсаң — қайтаруын біл. Қарызды көп алған – қайғырумен күнін өткізеді. Қарыз – от, өшіре алмайсың, — депті қарт.
(с)
http://inform.kz