ҚАРЫШТЫ ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТ | «Айқын» газеті

0
144

Бүгінде еліміз тәуелсіз Қазақстанның 27 жасқа толғанын атап өтіп жатыр. Қазір Қазақстан өзін бұрынғыдай жас, дамушы ел ретінде сезінбейді. Бұл енді қалыптасқан, әлемде озық дамыған отыздық қатарына қосылуға бет алған беделді мемлекет.

Біз әлемдік жетекші елдердің бірі атануға алғашқы сенімді қадам жасап жатырмыз. Осы жолда Қазақстанның экономикалық мәртебесі жоғарылап қана қоймай, халқының өмір сапасы жақсарады. Сондай-ақ әлеуметтік саланың, медицинасының деңгейі де дамыған елдерге сай көтерілмек.
Мен ғұмырымның жартысы басқа әлеуметтік-экономикалық жүйеде өткен адаммын. Сондықтан бұрынғы Қазақстан мен бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанды салыстыра аламын. Жетістіктерінің қомақтылығын, қадамдарының салмақтылығын бағамдай аламын. Соның ішінде тәуелсіздік жылдарында отандық денсаулық сақтау саласында өте көп өзгерістер мен жаңғырулар жүргенін атап өткім келеді.
Барша Қазақстан халқын Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймын. Халқымыз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Абай БАЙГЕНЖИН,
медицина ғылымдарының докторы,
ІІ дәрежелі «Барыс» орденінің иегері

Дереккөз: Айқын