Қарымта соққы. Қытай америкалық импортқа жаңа салық енгізді

10 наурыз, дүйсенбі күні Қытай АҚШ-тан әкелінетін ауыл шаруашылығы өнімдеріне жаңа салық енгізді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы DW-ге сілтеме жасап.
Бірқатар америкалық аграрлық өнімдерге 10-15 пайыз көлемінде қосымша салық салынды. Бұл – АҚШ-тың қытайлық импортқа тарифтерді тағы да көтеруіне Қытайдың берген жауабы.
Ақпан айының басынан бері АҚШ-қа әкелінетін қытайлық тауарларға 10 пайыздық салық енгізілген еді. Ал өткен аптада бұл тариф 20 пайызға дейін көтерілді. Бұған жауап ретінде Қытай АҚШ-тан импортталатын ауыл шаруашылығы өнімдеріне жаңа тарифтер енгізетінін жариялады.
ҚХР қаржы министрлігінің хабарлауынша, қосымша 15 пайыздық салық АҚШ-тан әкелінетін тауық еті, бидай, жүгері және мақтаға қатысты. Ал жүгері, соя, шошқа еті, сиыр еті, балық, жеміс-жидек, көкөніс және сүт өнімдеріне 10 пайыздық тариф салынған.
10 наурызға дейін жөнелтіліп, 12 сәуірге дейін Қытайға жеткен тауарлар жаңа кедендік ережелерге бағынбайды.