Қарым-қатынастарына қарсы болған. Ер адам тойына бір күн қалғанда қарындасын атып өлтірді

0

Үндістан елінде ер азамат туған қарындасын атып өлтірді. Бұған марқұмның сүйіктісімен бірге түскен суретін жария етуі себеп болған, деп хабарлайды KzNews.kz ақпарат агенттігі.

Қыз бала араға бір күн салып сүйген жігітімен той жасауды жоспарлап отырған.

Қайғылы жағдай Уттар-Прадеш штатының Мерат қаласында болды. Той қарсаңында күйеу жігіт қызымен түскен суретін желіде бөлісіп, оны туған-туыстарына да жібереді.

Алайда қыздың ағасы олардың көңіл жарастыруына қарсы болған. Ашуға булыққан ол мылтық алып, қарындасын өз қолымен өлтіреді.

Полиция оны қамауға алды. Ол кінәсін толықтай мойындады.