қарулы қанішер 20 адамды атып өлтірді

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында отандастарымыз жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз — Sputnik. АҚШ-тың Техас штатындағы Эль-Пасо қаласында сауда орталығында болған атыс салдарынан жиырма адам қаза тауып, жиырма алты адам зардап шекті.

«Техас штатындағы Эль-Пасода жантүршігерлік атыс болды. Суыт хабар жетті, қаза тапқандар көп. Мемлекеттік және жергілікті билік органдарымен, құқық қорғау органдарымен жұмыс істеп жатырмыз. Губернаторға федералды үкіметтің толыққанды қолдау көрсететінін айттым. Құдай жар болсын!», – деп АҚШ президенті Дональд Трамп Твиттерде көңіл айтты.

CNN хабарлағандай, жергілікті уақыт бойынша 3 тамызда Эль-Пасо қаласындағы сауда орталығында белгісіз ер адам тұрғындарға оқ жаудырған. БАҚ мәліметінше, ол – 21 жастағы ақ нәсілді жігіт. Аты – Патрик Крузиус деген болжам бар, АК-47 сияқты қару ұстаған болуы мүмкін.

​Шабуыл жасардың алдында күдікті әлеуметтік желідегі парақшасында экстремистік сипаттағы хабарлама қалдырып, автомат ұстап түскен.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында республика азаматтары жоқ.

Техастағы қырғыннан кейін арада бірнеше сағат өткенде, Огайода да дәл осындай оқиға қайталанды. Дейтон қаласындағы супермаркеттегі атыс салдарынан он адам қаза тауып, он алты адам зардап шекті, деп хабарлайды жергілікті полиция.

​Мәлімет бойынша, қаза тапқан оныншы – адам шабуыл жасаған қылмыскердің өзі.

Америкалық БАҚ екі атқыш болуы мүмкін екенін жазып жатыр. Біреуін полиция атып өлтірген, екіншісі оқиға орнынан көлікпен қашып кетті-міс.



sputniknews.kz