Қару ұстап, мас күйінде ауыл тұрғынына қауіп төндірген депутаттың кім екені белгілі болды

0

Қарағанды облысының мәслихат депутаты Серік Бекмағамбетов қамауға алынды, сондай-ақ жергілікті ауыл тұрғынына қауіп төндірді және қаруды заңсыз алып жүрді деп күдіктелуде, деп хабарлайды Kznews.kz агенттігі.

«21 қазанда Қарағанды облысы Нұра ауданы Ахметауыл кентінде оқыс оқиға орын алып, оның барысында мас күйінде болған белгісіз адам 60 жастағы жергілікті тұрғынды қарумен қорқытқан. Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол аудандық мәслихаттың 38 жастағы депутаты болып шықты. Оған қатысты «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік материал жасалып, сот шешімі бойынша 15 тәулікке қамауға алынды»,-деп жауап берді облыс полиция департаментінің баспасөз қызметі.