“Қару асынған бір топ қыздарды көрдік”
26 шілде күні Ақтау қаласында кафеден үйіне қайтқан әйел көшеде қару асынған бір топ бойжеткендерді көргенін айтты. Бұл туралы Lada.kz сайтына қала тұрғыны мәлімдеген.
«Біз 5-ші ықшамауданнан 4-ші ықшамауданға дейін жолды кесіп өтіп бара жатқанбыз. Қолдарына автомат ұстаған екі бойжеткенді кездестірдік. Олар оқ атты. Күйеуім суретке түсіріп үлгерді. Олардың бұл әрекеттері күлкілі көрінді. Басында мен шын екен деп кәдімгідей қорқып қалдым. Сөйтсем, олардың қолындағы шын автомат емес екен. Кейіннен ойыншық пистолеттен шығатын дыбысты естідім», — деді Мария.
Алайда қала тұрғыны қыздардың бұл қылығын әзілге жатқызбады.
«Олар мұның қалай көрінетінін білді деп ойлаймын. Бұл әдейі жасалған деп ойлаймын. Бұл мүлдем күлкілі емес. Сол уақытта маған қорқынышты болды», — дейді ол.
фото: ашықдереккөз