Қарттар үйіне барған Айдарбековтер отбасы сынға қалды

0

Елімізге белгілі танымал отбасы Нұртас пен Гүлзира Айдарбековтер кіші ұлы Заңғарды ертіп, қарттар үйіне барды. Бір күн бойы өнерлі жұп ата-әжелердің батасын алып, конерт қойып, сыйлық үлестірді. Бұл туралы Kznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Желі қолданушылары Астана қаласындағы, Көктал ықшам ауданындағы қарттар үйі екенін жазбай таныды.

“Қарты бар үйдің қазынасы бар. “Неменеге қуанасың, бала батыр, қариялар азайып бара жатыр” деген сөздерден-ақ қазақ халқы қариясын қалай құрметтегенін көре аламыз. Осындай мәдениеті бар қазақта, қарттар үйі қайдан пайда болды?! Балаларын өсіріп енді солардың қызығын көреміз, еңбегіміздің зейнетін көреміз дегенде көздері мөлейіп, өздерінің «балаларым келе ме, келмей ме?» деп күтіп отыр. Қарттардың батасын алып қайттық. Елімізде қарттар үйі азайсын, әрбір қарт өз үйінің қазынасы болып отырсын!” – деп жазды продюсер.

Сондай-ақ видеодан өнерлі отбасының ән айтып, әжелердің иығына орамал жауып жатқанын көруге болады. Мұны байқаған продюсердің оқырмандарының пікірі екіге жарылды. Бірі игі іс жасадыңыздар” деп қолдау білдірсе, енді бірі берген сыйлықтарын сынап тастады. “Дастархан жайып, құран оқыту керек еді. Бір жапырақ орамал бергенше жанына тәтті қосып беру керек еді” деп жазған желі қолданушысына продюсердің жауабы төмендегідей болды.

”Сіз де пендесіз, біреуден мін іздегенше, тура мен сияқты бас пен қол, аяғыңыз, көз бен құлағыңыз бар, неге барып дастархан жаймайсыз. Менен көрі ақылды екенсіз, ақылды адамның табысы да мықты болуы керек, барыңыз сізде. Есіңізде болсын, адамдарда жан азығы, рухани байлық деген болады, әңгіменің бірі тамақта емес. Биледі, көңіл көтерді, балаша қуанды. Мал сойып, құран бағыштап жесін деп көрсетпей де беріп жүреміз, бірақ Алла разылығы үшін, оны сіз көрмеуіңіз мүмкін”, – деп жауап берді.

Сондай-ақ, Гүлзира Үсенқызы әжелермен сырласа келе, енелерін жамандайтын келіндерді сынады.

“Сиырға туған күн бұзауға да туады” деген, ана көз жасы жібермейді ғой. Анаға деген құрмет азайып барады. Қазір блогерлер ене мен келінді қарсы қойып жатыр. Одан кейін қойнындағы қатыны баланы азғырмай қоймайды ғой. Ер азаматтар мықты болуы үшін әйел азаматшалар құдайдан үміті болуы керек қой. “Келін – сенің құлың емес” деп азғыруда, құлдықта жүрген келіндер бар ма өзі?! 1-2 енені мысал қылып алады да, бүкіл енеге кір жағады. Келін болсын, ене болсын, адамның аласы да бар құласы да бар. Бірақ біздерге енеңе, күйеуіңе қызмет жаса одан жаман болмайсың, разылығын аласың деп тәрбие берді, жаман болған жоқпыз, батасын алдық, сағынышпен еске аламыз, бір көрпесін жамылып кетті о дүниеге. Еш қиындықсыз тек әдемі өмір сүрген жоқпыз, бірақ сол қиындықты шыңдалдық деп қабылдадық. Қабағын шытса, өз адамым деп қатаңдық танытты, айдаладағы біреу болсақ басын қатырмас еді деп ұғындық. Адамдар бір-біріне қонақ емес па? Мысық пен итше ырылдаспай санаулы өмірді естеліктерге толы етіп, бақытты сәттерім деп қабылдаса, бір-біріне деген мейірім болар ма еді. Тек бір-бірімізді кіналаймыз, айтатын әңгіме өсек, сосын соңы реніш, сонымен өмірдің көзді ашып жұмғанша өтіп кетерін байқамай да қаламыз. Баяғы қарияларымыздың ақылдарының орнына небір өмірден түк көрмеген адамдардың жаттап алған сөзінен мотивация алып жүрген бір келіндер. Әр шаңырақтың түтінін түтететін олар бүгінгі және ертеңгі ана емес пе?” – дейді продюсер.

фото: stan.kz