Қарттар үйінде қылмыс жасаған 88 жастағы қарияға қатысты сот үкімі шықты — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Павлодар қаласының №2 сотында 57 жастағы ер адамды пышақтаған қарияға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды.

Қарттар үйінде қылмыс жасаған 88 жастағы қарияға қатысты сот үкімі шықтыПавлодар облысындағы Қарттар мен мүгедектерге арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығының қарамағында өмір сүретін қария бас бостандығынан айырылды. 

Сот ведомствасының мәліметінше, 2018 жылдың 13 желтоқсанында 88 жастағы ата телебағдарламаны көру үшін орталықтың кіре берістегі бөлмесіне келген. Ол сол жерде үлкен жастағы ер адаммен ұрысып қалады. 57 жастағы кісі атаны теледидардан итеріп жібереді. 

Оған өкпелеп қалған зейнеткер өз бөлмесіне барып, пышақты алып, өзін ренжіткен адамды ішінен пышақтады. Еңбек ардагері ҚР ҚК-нің 106 баб, 1 бөлігі бойынша (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) қылмыс жасады. 57 жастағы ер адамның денсаулығына зақым келді. Қазір ол аман-сау. 

«Сот сотталушының кінәсін мойындап, шын жүрегімен өкінгенін, тұрған жерінен алынған мінездемені, бұрын сотталмағанын, ұлғайған жасын ескеріп, оны үш жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Сот жазаны өтеу кезінде оның пробациялық бақылауға алынуын міндеттейді», — деп хабарлайды сот ведомствосы. 

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz