Қартаң әйел өз терісінен сөмке тігуге тапсырыс берді  

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Сайт әкімшілігі тігіншілерді британдықтың өтінішіне байсалды қарауға шақырды

АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik.  Манчестер қаласының Джоан есімді 55 жастағы тұрғыны өзінің кесіп алынған аяғынан әйелдер сөмкесін жасатпақ, деп жазды Metro.

Дәрігерлер британдық әйелге қан тамырлары ауруы салдарынан аяғын кесіп тастайтынын жеткізген. Осы жағдайдан кейін оған «аяғым бір жерде шіріп қала ма» деген ой маза бермейді.

Джоан өзінің терісінен сөмке тігіп беретін тігінші табу үшін арнайы сайтқа жазды. Әйел тапсырысты орындаған тігіншіге үш мың фунт төлеуге әзір.

Сайт әкімшілігі Джоанмен сөйлесіп, оның аргументтері ақылға қонымды деген қорытынды жасады. Олар тігіншілерді британдықтың өтінішіне байсалды қарауға шақырып отыр.



sputniknews.kz