қартайғанда өкінбеу үшін не істеу керек?

0
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

27 0 0

Денис Тен соңғы сұхбаттарының бірінде жұрттың пікірінен қорықпастан, армандарымызды орындауға шақырған еді

АСТАНА, 18 қараша — Sputnik. Корнель университетінің профессоры Карл Пилемер 70 және 100 жас аралығындағы 1 500 адам арасында сауалнама жүргізді. Зерттеу барысында ол қариялардан өмірлік тәжірибелері және табысты болуларының құпиясы туралы сұрады. Осы зерттеудің нәтижесінде ол кітап та жазған-ды. 

Өмірдің қысқа екенін жадыңыздан шығармаңыз

Пилемер үй шаруасындағы әйелдерге де, кәсіпкерлерге де бірінші «Осы жасқа келіп қандай қорытынды жасадыңыз?» деп сұраған.

Кездесу кезінде респонденттерден отбасылық өмірлері, балалары мен қаржы мәселесі және сүйікті жұмысы мен денсаулық жағдайы туралы да сұраған. Сауалнамаға қатысқандардың барлығы дерлік өмірдің қас-қағым сәтте өтіп кеткенін айтқан.

Мансап? Өзіңізге ұнаған іспен ғана айналысыңыз

Көптеген респондент қаржы мәселесіне келгенде әртүрлі қиындыққа тап болса да, жастарға тұрақты және жалақысы көп жұмысқа орналасуға кеңес бермеді. Мұның орнына олар «Өздеріңіз ұнатқан іспен ғана айналысыңыздар» деді.

Өмірдің мәңгілік еместігін ескерген респонденттер тек қуаныш пен ләззат сезімін сыйлайтын жұмысқа орналасуға кеңес берді. Олардың ойынша, өмірді өзіңіз қаламаған нәрсеге арнаудың еш қажеті жоқ. Тіпті, бірнеше жыл уақытты.

«21 жасымда бақыт деген өмір туралы білім қорыңның көп болуы деп ойлайтынмын. Қажет болған кезде белгілі бір іс-әрекеттерден бас тартатынмын. Бірақ әр нәрсенің өз орны болады екен. Көп адам сізді өзіңізге күмәндана қарайтындай жағдайға жеткізуі мүмкін, алайды бұл бір нәрседен қорқуға себеп емес. Өмірде қиын сәттер көп, осының барлығын өткеруге міндеттіміз», — деп әйгілі Гарри Потер романының авторы Джоан Роулинг өз күшімізге сенуге шақырды.

Салауатты өмір салты? Тәніңізді 100 жыл қолданатындай күтіңіз

Заманауи медициналық технологияның арқасында адамдарды аман алып қалуға болады. Десе де, бұл қартайған шақта адамның көптеген қиындыққа тап болатынын меңзейді.

Тағы оқыңыз: Сүйіктіңізбен бақытты болғыңыз келсе, осы сөздерді жиі айтыңыз

Респонденттер «көкөністерді көбірек жеңіздер», «ұйқыларыңызды қандырып жүріңіздер» немесе «шылымнан бас тартыңыздар» деп кеңес бермесе де, «тәнді 100 жыл қолданатындай күту керек» деп айтты. Салауатты өмір салтын сақтай алмаған адамдар әдетте 20, 30 және 40 жасқа келгенде түрлі қатерлі ауруға шалдығады.

Бәрінен бұрын не үшін өкінесіз? Орынсыз алаңдағаным үшін

Қариялар бұл сауалға жауап берерде көпшілік күткендей қолдары жетпеген ғашықтарын немесе ойларында жүрген бизнестерін еске алған жоқ. Керісінше барлығы бір ауыздан «Орынсыз алаңдап, мазасыздана бергенім үшін өкінемін» деп жауап берді.

«Бірнеше жылдан кейін қалай өмір сүретініңіз бүгін өзіңізді қаншалықты дамытып, қаншалықты армандайтыныңызбен байланысты. Қандай іспен айналысып жүрсеңіз де, кімді тыңдап, кімнің парақшасына жазылатыныңызға, кімнен шабыт алғаныңызға қарамастан, ішкі меніңіз барын ұмытпаңыз. Бұл — сіздің өміріңіз бен армандарыңыз. Басқалар сіз туралы не ойлайтынына мән берместен, нар тәуекелге бел буып, қалауыңызды орындаңыз», — деп Денис Тен соңғы сұхбаттарының бірінде жұрттың пікірінен қорықпуға шақырған еді.

Бақыт? Өз бақытыңызды бір нәрсемен байланыстырмаңыз. Ешнәрсеге қарамастан, бақытты болыңыз

Келесі маңызды кеңес өз бақытың үшін жауапкершілік алумен байланысты.

«Жастар ерекше бір нәрсе болған кезде ғана бақытты боламын деп ойлайды. Бірақ жасың ұлғайған сайын ешнәрсеге қарамастан бақытты болуың керектігін түсінесің», — дейді респонденттердің бірі.