Қарт кісі “Харекет” қоры сыйлаған баспанадан бас тартты

0

“Харекет” қайырымдылық қоры сыз тартқан, суық үйде тұратын қарт кісіге баспана тарту етті. Бірақ қарт әжей оны алудан түбегейлі бас тартқан. Бұл туралы Kznews.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап жазады.

“Көбі кетіп, азы қалды. Күн санап жүрмін. Енді қыстың 27-і күні қалды”, — дейді бейнежазбада.

Мадияр Серікбаев олар үшін қыс бітіп, жаз басталатынын айтып, оларға жаңа баспана сыйлайтындарын хабарлады. Алайда әйел баспанадан бас тартады.

«Қазір «Водолей», 2-3 сағат күтші, қазір өздеріңе түсесіңдер. «3» деген — жолы болғыш. Маған ешқандай жылы киім де, үй де керек емес. Сендер маған зәбір көрсетейін деп тұрсыңдар, ұрғызайын деп тұрсыңдар. Қойсаңдаршы, кетіңдерші. Ертең де бармаймын. Мына жерді мен өзім салғанмын. Алешке бере бер», — дейді ол.

«Енді мынадай күн суықта апаға қалай болатынын білмеймін. Шынымен де бізден қорқып жатыр. Бұған дейін бірнеше адам келіп, көмектесіп, бір жерге апарамыз деген-ау деймін. Апамыз қорқып қалған. Бірақ енді көкөмізді алып, шыға береміз. Апамыз ана жерден шыққысы келмей тұр. Күннің суығынан аяғым жаурайды дейді, бір жағынан қорқамын дейді. Олар сенбей де тұр. Қазір атамызды апарып, баспанасына кіргізіп, табыстайық. Одан кейін бір нәрсе етіп апамызды алып келерміз. Атамыз үйді шынымен көргеннен кейін көзі жететін шығар», — дейді Мадияр Серікбаев.

Фото: tiktok.com/@xareket_qory_official