«Қарсыласының мойнын бұрап жіберді»: Елдос Сметов Ташкентте өтіп жатқан жарыстан шеттетілді
Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінен шығып қалды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайты жазды. Ширек финалда Елдос Сметов грузиялық дзюдошы Георгий Сардалашвилиге ескерту саны бойынша есе жіберді. Бас бапкер Нұрбол Сүлейменовтің айтуынша, ол қарсыласына тыйым салынған әдісті қолданғандықтан енді жұбаныш белдесуіне қатыса алмайды.
Елдос Сметов ширек финалда қарсыласының мойнын бұрап жіберді. Бұл әдіске дзюдода тыйым салынған, себебі, спортшының денсаулығына қауіп төндіреді. Сондықтан, төреші Сметовке «хансоку-маке» берді. Бұл ескертуден кейін спортшы жарысты жалғастыра алмайды.
Елдостың жұбаныш белдесуіне қатыспау себебі осы. Жалпы, Елдостың дайындығы жаман емес. Жарақатының да беті бері қарап қалғандай. Ташкент турнирін жетінші орынмен аяқтап отыр, – деді бас бапкер.
Айта кетейік, Grand Slam турнирінде бақ сынап жатқан қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова жартылай финалға шықты. Ол жарыс барысында Түркменстан, Израиль және АҚШ спортшыларын жеңді. Жартылай финалда Әбиба швециялық дзюдошы Тара Бабулфатпен кездеседі.
фото: sportishka.com