Қарсыласының әрекетіне көңілі толмаған Қуат алаңда төбелес шығара жаздады

0
46

Спорт

Қысқа сілтеме алу

50 0 0

https://sputniknews.kz/images/617/15/6171560.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/sport/20200122/12596690/Quat-tobeles-video.html

Кездесу ресейлік клубтың жеңілісімен аяқталды. Есеп 2:3. Исламбек Қуат екінші таймды толықтай алаңда өткізді

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар — Sputnik. Қазақстан құрамасы мен ресейлік «Оренбургтың» жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат болгариялық «Славиямен» жолдастық матч кезінде жанжал шығарды.

Ойынның 78-ші минутында Қуат жерге құлаған қарсыласынан допты алып қоймақ болады. Осы кезде оны «Славияның» өзге ойыншысы итеріп жібереді. Жанжал ұзаққа созылған жоқ.

Ресейлік клуб 2:3 есебімен жеңілді. Қуат екінші таймды толықтай алаңда өткізді. Бұл қазақстандық футболшының ресейлік премьер-лига клубындағы осымен екінші ойыны, деп хабарлайды Sports.kz.

Тағы оқыңыз: Қазақстандық футболшы отбасымен бірге жантүршігерлік апатқа ұшырады

Еске сала кетсек, Қуат «Оренбургке» ерікті агент ретінде өткен жылдың соңында қосылған болатын. Бұған дейін ол алматылық «Қайрат» құрамында өнер көрсетті.



sputniknews.kz