«Қарны ашқаннан көрпені шайнап тастады»: Анасы қызына тамақ бермей, байлауда ұстап келген

0

Ресейдің Ростовск облысында ата-анасы тамақ пен су бермей, аш қалдырған 8 жасар қыз қамқорлық қызметіне тапсырылды.

Ата-анасы қыздың аяқ-қолын байлап үйге жалғыз қалдырып кеткен. Байлаулы жатқан қызды көршілерінің бірі көріп қалып, баланы босатып, полиция мен жедел жәрдем шақырыпты. Ол кезде баланың қарны ашқаны соншалық, көрпені шайнай бастаған көрінеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Life-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Қант сұрауға кірген едім. Кірсем қыз матрастың үстінде байлаулы күйінде жатыр. Мені бұл оқиға шошытып жіберді. Күнде айқай-шу болып жатады. Қыз күніне үш-төрт рет жылайтын», — дейді көршісі Лариса.

Қыз анасымен және өгей әкесімен бірге тұрған. Оның ата-анасы үйге ешкімді кіргізбейтін көрінеді. Көршілерінің айтуынша, ер адамға шезофрения диагнозы қойылыпты.

Қазір 8 жасар қыздың анасы мен өгей әкесіне кәмелетке толмағанға қатысты азаптау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды.

Олар полицияға баланы 2021 жылдың қаңтарынан бері қорлап келгенін айтыпты. Қыз қатты жылап, түсқағаздарды жей бастаған кезде әке-шешесі оны байлап тастаған.

Бала ауруханаға жатқызылып, артынша қамқоршылық органдарына беріледі. Дереккөздің хабарлауынша, биологиялық әкесі қызын қамқорлығына алуға ниет білдірмеген. Алайда әкесі бұған дейін қызының тағдырына алаңдайтынын айтқан.

«Дәрегерлер қызымның тірі қалмайтынын айтты», — дейді қорлық көрген қыздың өз әкесі.