«Қарны аш деп ойладым»: Ақтаулық оқушы қыздың мұқтаж адамға көмектескені көпшілікті сүйсіндірді(видео) – Қазақстан жаңалықтары

0
43

Ақтаудағы тоғыз жасар қыздың мұқтаж адамға көмек көрсеткені дүйім жұртты сүйсіндірді. Сабина Ерғалиқызы  сөмкесін жерге қоя салып, әмиянынан ақшасын алып, мұқтаж жанға берген сәтінде түсіріп лаған видео желіде тарап кетті. Сабина өзіне планшет сатып аламын деп жинап жүрген ақшасынан бергенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Информбюроға» сілтеп.

Сабина Ерғалиқызы

Сабина Ақтау қаласының №5 орта мектебінде оқиды. Оның айтуынша көше бойында тұрған кісіні жиі көреді екен. Ылғи мұқтаж күйде көргендіктен еш жасқанбай қайырымдылығын жасауға бел буыпты.

«Мен ол ксіге ақша бердім, өйткені оның қарны ашқан шығар деп ойладым. Мен ол кісіні күнде көремін. Сосын мен одан қорықпаймын», – дейді Сабина Ерғалиқызы.

Сынып жетекшісінің айтуынша, Сабина тәртіпті, сабақ үлгерімі жақсы оқушылардың қатарында. Көп ішінен қолындағы барымен бөлісетін ақкөңілділігімен көзге түскен.

«Менің қызым істеген жақсылығы туралы әлеуметтік желілерде көріп, таңқалдым. Бірақ бүкіл Қазақстанға тарап кетеді деп ойламадым. Өте қуаныштымын, мақтанамын. Негізі ақшасын планшетке жинап жүрген.
Мен берген ақшаларын жаратпай жинап жүрген. Сол ақшаны жағдайы мүшкіл адамға бергісі келіп шешкен екен», – анасы Динара Қарабалина.

Оқушының ата анасы да мұқтаж жандарға көп көмектеседі екен.

stan.kz