Қармен ойнауға тыйым салынады (фото)

0

Әдетте заңдар адамдардың өмірін реттеу үшін, белгілі бір тәртіп орнату үшін жазылады. Алайда әлемдегі заңдардың ішінде күлкілі әрі ақылға қонымсыз заңдар да бар. Qamshy.kz ақпарат агенттігі әлемдегі ақылға қонымсыз 10 заңды оқырман назарына ұсынады.

Қармен ойнауға тыйым салынған

Қар ойнау

Аризон штаты мен Топика қаласында қармен ойнауға қатаң тыйым салынған. Билік өкілдері бұл агрессивті әрі қауіпті ойын деп есептейді. Сол себепті қар жауған күндері көшеде полиция қызметкерлері қаптап кетеді. Олар заң бұзғандарға айыппұл төлеткізіп, ескерту жасайды.

Netflix-тің құпия сөзін айтуға болмайды

кино

2011 жылы Теннеси штатының губернаторы Netflix-тің құпия сөзін туған-туыстан басқа адамдарға беруге тыйым салып, заң жүзінде бекітті. Сондай-ақ бұл заңды бұзу ұрлық жасаумен тең деп есептеледі.
Netflix — қызықты фильмдерді түсіріп, кейін желіге жүктейтін әлемдегі ірі компаниялардың бірі. Компанияның басты ерекшелігі және өз көрермендеріне деген тағы бір тартымды қызметі — премьера күнінде барлық серияны желіге бірден салуы.

Netflix — қызықты фильмдерді түсіріп, кейін желіге жүктейтін әлемдегі ірі компаниялардың бірі. Компанияның басты ерекшелігі және өз көрермендеріне деген тағы бір тартымды қызметі —  премьера күнінде барлық серияны желіге бірден салуы.

Қар адамын атпаңыз!

қар адамы

Вашингтон штатындағы Скаймения ауданында қар адамын ату былай тұрсын, оған қару кезенудің өзі қылмыс болып саналады. АҚШ елінде қар адамын кездестірсеңіз, қашыңыз, бірақ оқ атпаңыз.

Жаңбыр суын пайдалану — қылмыс

Жаңбыр

АҚШ-тың кейбір штаттарында жаңбыр суын жинау заңсыз әрекет болып саналады. Юта, Колорадо және Вашингтон штатында тұрмыста қолдану үшін жаңбыр суын пайдалануға қатаң тыйым салынған. Биліктің айтуы бойынша, жаңбыр біреуге тиесілі, ал жаңбыр суын жинау ұрлыққа пара-пар.

Тұздалған және маринадталған қиярларды сатуға шектеу қойылған

қияр

Каннектикуте штатында тұздалған және маринадталған қиярларды сатуға шектеу қойылған. Тіпті, сауда-орындарында арнайы қиярларды тексеретін мамандар да бар екен.

Алтын балықты аквариуимде ұстауға тыйым салынады

балық

2004 жылы Италиядағы Монза қаласында алтын балықты аквариумде ұстауға тыйым салынған. Биліктің сөзіне сүйенсек, аквариумдегі балықтар әлемдегі жайттардан хабарсыз болып оқшауланады.

Балаларға мән-мағынасыз есім қоюға шектеу қойылған

есім

Дания билігі ат қоюға қатаң мән беріп отыр. Балаға ерекше, күлкілі және діни есімдерді қоюға тыйым салған. Тіпті ата-аналарға қиындық тудырмас үшін билік рұқсат етілген 7000 есімнің тізімін жасаған.

Биік өкшелі аяқ киімге шектеу қойылған

биік өкше

Калифорния штатының Кармел қаласында әйелдерге биік өкшелі аяқ киімдер киюге болмайды. Тек 5 см-ден аспайтын аяқ киімдер киюге рұқсат етілген.

Ұсақ тиын бермеңіз!

тиын

Канадада қайтарым ақшаны ұсақтап беруге тыйым салынған. Сонымен бірге тиындарды қайта жасап қалпына келтірген адамдар мемлекет тарапынан қатаң жазаланады.

Семіз бизнесмендер жазаланады

семіз

Жапонияда артық салмақ үлкен проблемаға айналып барады. Осыған қатысты 2008 жылы заң қабылданды. Барлық компаниялар жыл сайын қызметкерлерінің дене бітімін қадағалап отыруы тиіс. Сонымен бірге семіз бизнесмендер жазаланады.

«Қамшы» сілтейді