Қармақшыда газ баллоны жарылып, 4 адам қайтыс болды

0

Бүгін Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Рүстембеков көшесі, 29, жеке тұрғын үйде түскі 13.30 кезінде 27 литрлік газ баллоны жарылған. 144 шаршы метр жер өртке оранып, 4 адам қайтыс болды.

Өртті сөндіруге ТЖД, ӨКМ, ЖАО, БСМК, КРЭК мекемелері мамандары жұмылдырылды.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қайтыс болған азаматтардың туған-туыстарына Сыр елі жұртшылығы атынан қайғыра көңіл айтты. «Бұл бәрімізге де жеңіл тимеді. Қазір мәселе менің тікелей бақылауымда тұр. Өрттен, судан, басқа да апаттан аман болайықшы, жерлестер!» деді фейсбук парақшасында өңір басшысы.

egemen.kz